Железнодорожный терминал и элеватор
Трейдерлерге

Сатып алу мен сату —
бір жүйеде.

Сұраныс пен ұсыныспен бір мезгілде жұмыс істеңіз: сатып алушылардың сұраныстарына тауар табыңыз, бірнеше мәміле жүргізіңіз және тауарды бөліп жөнелтіңіз — бәрі бір жерде.

Трейдерге бұл не үшін керек

Бірнеше мәмілені қатар жүргізгенде ондаған кестемен, хат-хабармен және қоңыраумен жұмыс істеуге тура келеді. Мұндайда маңызды жайтты жіберіп алу оңай. Dalaway әр мәміленің шарттарын, келісімшартын, сауда операцияларын, орындаушылары мен құжаттарын бір жерге жинайды.

Поля и элеватор с высоты
01/05Сұраныс пен ұсыныс

Лоттар мен сұраныстар — бір экранда.

Сатуға лоттар мен сатып алу сұраныстарын орналастырыңыз. Өндірушілер не ұсынатынын және сатып алушылар не іздейтінін көріп, оларды өз мәмілелеріңіз арқылы байланыстырыңыз.

Сіздің позицияларыңыз3 лот · 2 сатып алу сұранысы
Вся цепочка поставки с высоты
02/05Мәмілелер

Бірнеше мәміле қатар.

Әр мәміле — өз шарттары, келісімшарты мен сауда операциялары бар жеке карточка. Команда бір жүйеде жұмыс істейді, мәмілелер бойынша тапсырмалар қызметкерлер арасында бөлінеді.

Жұмыстағы мәмілелерDLW-1048 · DLW-1052 · DLW-1057
Погрузка зерна в вагоны
03/05Операциялар

Жеткізу — сауда операциялары бойынша.

Шарт бойынша көлем бөліп жөнелтіледі. Әр жөнелтім бойынша мәртебесі, құжаттары мен сапа көрсеткіштері бар сауда операциясы жүргізіледі — сатып алуда да, сатуда да.

OP-02 операциясы400 т · жөнелтілді · құжаттар тіркелді
Приёмка на складе
04/05Қызметтер орталығы

Орындаушыларды тікелей мәміле арқылы тартыңыз.

Тасымалдау, сақтау, сапа бақылауы, кедендік рәсімдеу, сауда операциясын жүргізу — өтінімдер тікелей мәміледен орналастырылады, нәтиже мәмілеге қайта оралады.

Мәміле бойынша өтінімдертасымалдау ✓ · сюрвейер ✓ · рәсімдеу — 2 жауап
Элеватор и зернохранилище
05/05Құжаттар

Сатып алу мен сату құжаттары — бір жерде.

Әр мәміленің өз құжаттар жиынтығы бар: келісімшарт, қосымшалар, сауда операцияларының құжаттары және орындаушылардың актілері. Сатып алу мен сату операциялары өзара байланыстырылған. Есептерді салыстырып тексергенде құжаттарды хат-хабардан іздеудің қажеті жоқ.

DLW-1048 ↔ DLW-105212 құжат · операциялар байланысқан
География

Ішкі нарық пен экспорт — бір жүйеде.

Мәміле түрі, жеткізу базисі, бағыт және әр жөнелтімнің құжаттары мәміледе тіркеледі. Бағыттар — Қазақстан, Орталық Азия, Еуропа, Қытай және Каспий арқылы.

  • Қазақстан
  • Орталық Азия
  • Еуропа
  • Қытай
  • Каспий арқылы
ЕуропаПольша · ЛитваҚытайДостық · АлтынкөлОрталық АзияСарыағаш · ҚордайТүркия және ЕОАқтау → БакуҚазақстанАстанаАқтау
Қалай бастау керек

Алғашқы мәмілеге дейін үш қадам.

Қосылу көп уақыт алмайды, одан кейін компанияның барлық мәмілелері бір жерде жүргізіледі.

  1. 01

    Компанияңызды тіркеңіз

    Компания мен оның өкілдері бір рет тіркеледі — одан кейін жұмыс компания атынан жүреді.

  2. 02

    Лоттар мен сұраныстарды орналастырыңыз

    Не сатасыз және не іздейсіз — түсінікті өрістерде: дақыл, көлем, сапа, базис.

  3. 03

    Мәмілелерді жүргізіңіз

    Шарттарды келісіңіз, келісімшартқа қол қойыңыз және жөнелтімдерді бір жүйеде сауда операциялары ретінде жүргізіңіз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Трейдерлер әдетте не сұрайды.

Сұрағыңыз мұнда болмаса — демонстрацияда бірге талқылаймыз.

Бір көлемдегі тауарды сатып алу мен сатуды екі бөлек мәміле ретінде жүргізуге бола ма?

Иә. Өндірушіден сатып алу және сатып алушыға сату жеке мәмілелер ретінде жүргізіледі. Әрқайсысының өз келісімшарты мен сауда операциялары болады.

Командамен қалай жұмыс істеуге болады?

Компанияда бірнеше өкіл болуы мүмкін. Мәмілелер мен өтінімдер қызметкерлер арасында бөлінеді.

Сатып алушы менің жеткізушімді көре ме?

Жоқ. Әр мәміле тек өз тараптарына көрінеді.

Dalaway кімге арналған

Мәміледе басқа рөліңіз бар ма?

Мәміленің әр тарабы өз жұмыс бөлігін де, жалпы көріністі де көреді.

Біздің серіктестер

Dalaway платформасын нарық қатысушыларымен бірге дамытамыз.

Платформаны бірге дамытып жатқан өндірушілер, сатып алушылар, сауда компаниялары мен орындаушылар.

Барлық серіктестер →

Wilmar International«Содружество» компаниялар тобыGRANASCOAGRIWELLҚазақстан зығыр өндірушілері қауымдастығыBIO-GRAINMAX KRÓLIKOWSKAELPOLWayStar GroupBaltic ControlEKO FARM
Погрузка зерна
From grain to gain!

Бірнеше мәмілені бірден көрсетеміз.

Сатып алу мен сатуды қатар жүргізу, жөнелтімдерді сауда операциялары ретінде рәсімдеу және командадағы міндеттерді бөлу жолдарын көрсетеміз.

Демонстрацияға жазылу